Қоғам • 02 Сәуір, 2024

Ақтөбеде су тасқынынан 3 мыңға жуық мал қырылды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында су тасқынынан 3 мыңға жуық ірі қара өлді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде су тасқынынан 3 мыңға жуық мал қырылды

Фото: istockphoto.com

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шығынын есептеп жатыр. Бүгінгі таңда тізімде 3 мыңға жуық ірі қара бар.

«Біз күн сайын аудандардан жедел ақпарат жинаймыз. Бүгінде 3000-ға жуық мал өлгені белгілі болды. Олардың басым бөлігі Ойыл және Қобды аудандарында тіркелген. Бірақ олар Байғанин, Ырғыз өңірінде де бар. Бұл көрсеткіш алдағы күндері нақтыланады. Бұл ретте малшылардың үйлері мен қораларының құлағаны туралы деректер жиналып жатыр», дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимұратов.

Оның айтуынша, аудан, ауылдың мал дәрігерлері үйлерді, шаруа қожалықтарын аралап, тіркеу жұмыстарын жүргізу үстінде. 

«Осыдан кейін нарықтағы әр малдың орташа құны анықталып, шығын өтеледі. Бұл бір күннің емес, бірнеше айдың жұмысы. Мәліметтер күн сайын жаңартылып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберіледі. Фермерлердің несиелері мен субсидияланатын техникаға қатысты мәселелер де қарастырылады», деп қосты Панабек Бимұратов.