Үкімет • 03 Сәуір, 2024

Үздік тәжірибе – үлгілі қала

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов моноқалалар әкімдіктеріне кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауды тапсырды. Бұл тәсілдің тиімділігіне Саран қаласын үлгі етті.

Үздік тәжірибе – үлгілі қала

Ұлттық экономика­ ми­нистр­лігінің мәлі­ме­тін­ше, өңір­де 2021 жылы Индус­триал­дық аймақ құрылғаннан кейін оң динамика байқалды. Қала бюджетіне түскен салық­тық аударымдар 4,5 есеге артты. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды және көлік құралдарын, автомобиль дөңгелектерін, полиэтилен құбырларын, тұрмыстық техника шығаратын бірқатар өндіріс орны ашылды.

«Саран қаласы ай­­тар­­лық­тай­ түрленді. Даму көр­­сет­кіш­­тері жоғарылады», деді О.Бек­­те­нов.

Ұлттық экономика ми­нистр­­лігінің жоспарына сәй­кес, осы бағыттағы жұ­мысты әрі қарай жалғастыру үшін елі­­міздің бірнеше моно­қала­сын­да өңірлік маңызы бар ин­­дус­триялық аймақтарды құ­ру көзделген. Сондай-ақ бү­гінде Ақтөбе, Қарағанды және Аты­рау облыстарының әкім­діктері тиісті жобаларды жүзе­ге асырып жатыр.