Қоғам • 14 Сәуір, 2024

16 санаторий зардап шеккендерді тегін қабылдайды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қатысуымен көмек шеңберінде зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 санаторий зардап шеккендерді тегін қабылдайды

Фото: gov.kz

Министрліктің мәлім етуінше олардың 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Жалпы алғанда, аталған нысандар бір мезетте 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады, бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі 

Аталған министрлікке қарасты Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ санаторийлерде дереу орналастырылуға тиіс адамдардың тізімін ұсыну қажеттігі туралы жергілікті атқарушы органдарды құлағдар етті.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, оның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі.