Аймақтар • 14 Сәуір, 2024

Ақтөбедегі мектепте оқушы көз жұмды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 сәуірде Ақтөбедегі олимпиадалық резерв мектебінде 14 жастағы оқушы есінен танып, көз жұмды. Бүгін полицейлер күдікті ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбедегі мектепте оқушы көз жұмды

«Мой город» басылымы жазғандай, қайғылы оқиға 11 сәуірде болған. 8-сынып оқушысы суға шомылып келіп, есінен танып қалған. Кейін ол ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бүгін Ақтөбе облысының полиция департаменті журналистерге күдікті анықталып, ұсталғанын мәлім етті. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

ПД өкілдері басқа мәліметтерді жарияламады.

Басылым өкілдерінің жазуынша, марқұмның әпкесі інісін жоғары сынып оқушылары ұрып-соққанын айтқан.