Фото: Видеоскрин
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен демалыс күндері шетелдік кәсіпорындардың жұмысшылары тұратын Достық қаласының 60-тан астам тұрғыны өзен бойындағы бөгеттерді салуға атсалысқан.
Ұйымдастырушы Оңтүстік Луизианадан келген – Джон Фелл су тасқынына қалай дайындалу керектігін бала кезінен біледі екен, тәжірибесімен де бөлісті. Себебі Оңтүстік Луизианада жылына 3-4 рет су тасқыны болады.
Айта кетсек, Д.Фелл тасқын басталғалы бері қызыл сумен күресіп, қолдан келер көмекті аямай жүр.