Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Таза қала – табиғат айнасы

59 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазір же­ті­сулықтар қала маңын қо­қыс­тан тазартып жа­тыр. Осы ретте Талдықор­ғандағы Қызыл тас – Тас­бақа тас жерінде «Тал­дықорған – петро­г­лиф­тер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фес­тивалі өтті.

Таза қала – табиғат айнасы

Аталған фестивальда «Жер күні – Ұмай» халықаралық мей­­ра­мына арналған велошеру ұйымдастырылып, ағаш кө­шет­­тері отырғызылды. Одан кейін аумақты қоқыстан тазарту жұ­­мыстары қолға алынды. Жалп­ы, экофестивальдың мақсаты – эко­логиялық құндылықтар мен мә­дени мұраны насихаттау. Одан бөлек, Жетісу өңірінде эколо­гиялық туризмді дамытуға бағыт­талды.

Игілікті іс-шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, ЭКО фести­вальды ұйымдастырып жатқан әрбір жанға, табиғат жанашырлары мен еріктілерге алғысын білдіріп, ағаш отырғызу рәсі­міне қатысты. Сонымен қатар об­лыс­тық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы және бас­қармаға қарасты мекеме қыз­мет­керлері де белсене қа­ты­сып, ағаш көшеттерін егуге жәр­дем­десті. Д.Рақышев атын­дағы фи­лармония әншілері концерттік бағдарламамен жиналған қауым­ның көңілін көтерді.

Экофестиваль аясында қа­тысу­­шы­ларға Қызыл тас – Тас­бақа тас петро­г­лиф­теріне экскурсия жасалып, мәдени орынның тарихы айтылды. Ашық аспан астында өңір қолөнершілерінің көрмесі қойылды. Артынан түрлі байқаумен жалғасын тауып, жи­налған қауымды бір серпілтіп тастады.

Айта кетейік, жиын аясында Тасбақа тас аумағына мыңнан аса адам жиналып,  200 дана ағаш көшеті отырғы­зыл­ды. Қазір өңірде  «Таза Қазақ­стан» респуб­ликалық экологиялық ак­циясы­ның аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы бас­талды. Бір күнде облыс көлемінде 1400-ден аса ағаш отырғызылды.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне сүйенсек, көгалдандыру шаралары облыстың барлық аудан-қаласында белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі бір күннің өзінде 1401 түп ағаш отырғызылған. Олар негізінен жапырақ тұқымдас, қыл­қан­жапырақты және жеміс ағаш­тары.

Мәселен, Кербұлақ ауданы Сарыөзек аулында тұрғындар 850 түп қарағай ексе, Ақсу ауданы Есеболатов, Қарасу ауылдарында барлығы 150 түп алма аға­шы отырғызылды. Сол сияқты Сарқан ауданы Алмалы, Амангелді ауылдық округтерінде шырша, алма, бөртегүл ағаштары егілді. Бұдан өзге аудан-қа­ланың барлығы да апталыққа бел­сенді қатысып, көшет отырғызумен қатар ағаштардың түптерін ағартып, парктер мен скверлердің, мекеме-ұйымдардың аума­­­ғына тазарту жұмыстарын жүр­­­­­гізді. Бұл жұмыстар апта бойы жал­­­­­­ға­­сады.

Айта кетейік, өңір бойынша «Қаз­су­шар» филиалы биыл 173,1 ша­қы­рым канал­ды тазартып, 54 гидро­тех­никалық құры­лысты және 10 гидро­посты жөн­деуді жоспарлап отыр. Бүгін­де канал­дың 40 шақырымы тазартылды, 1 гидро­тех­никалық нысан салынды және 4-еуі жөнделді.

Сонымен қатар 1060 шаруа қожалы­ғы­мен су беру туралы келісімшарттарға қол қойылды. Шаруалар 20 мың гектарға жуық алқапты суару үшін 174 миллион текше метр су алады.

 

Жетісу облысы