Фото: ctnews.ru
Жарыстың алғашқы күні кросс-кантри эстафетада ел құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Мәре сызығын бірінші болып Қытай командасы кессе, Индонезия күміс, Қазақстан қола жүлдегер атанды.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, біздің команда құрамында Ілияс Рахимов, Денис Сергиенко, Алина Сарқұлова, Никита Галкин, Мадина Жұртыбаева, Евгения Заам сынға түсті.
Бұл бағдарламада барлығы 8 құрама жарыс жолына шықты. Сары құрлық бәсекесі 12 мамырда аяқталады.