Аймақтар • 12 Мамыр, 2024

«Ағыс алып кеткен». Жайық өзенінен 7 адам құтқарылды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінде 7 адам құтқарылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ағыс алып кеткен». Жайық өзенінен 7 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

Жайық өзенінде екі қайықтың бірі аударылып, ағыс алып кеткен. Аударылған қайықтағы азаматтар жағаға өз күшімен жете алмаған.

Төтенше оқиға болған жерге құтқарушылар шақырылды. Олар жергілікті тұрғындарды су басқан жерден қауіпсіз аймаққа жеткізді.