Ауа райы • 13 Мамыр, 2024

Елімізде ауа райы күрт суытады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 14, 15, 16 мамырда ауа райы қандай болатынына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ауа райы күрт суытады

Фото: ktk.kz

Метеорологтардың болжамы бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстандағы ауа райы оңтүстік циклонмен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста  қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

«16 мамырдан бастап республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі», делінген хабарламада.