Спорт • 14 Мамыр, 2024

Классикалық шахмат: Астаналық оқушы әлем чемпионы атанды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп, оған 26 елден 1 мың 174 жас шахматшы қатысты. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейдің оқушысы Айару Алтынбек жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

Классикалық шахмат: Астаналық оқушы әлем чемпионы атанды

Фото: gov.kz

Аталған әлем чемпионаты (бір партияға 90 минут және қосымша әр жүріс үшін 30 секунд беріледі) швейцариялық жүйе (9 тур) бойынша 7-ден 17 жасқа дейінгілер арасында ұлдар (Open) және қыздар (Girls) арасында бөлек өткізілген.

Елорда әкімдігі

«Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады», деді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Елорда әкімдігі

13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанған Айару Алтынбек 6-сыныптың үздік оқушысы.