Оқиға • 16 Мамыр, 2024

Өскемен тұрғынынан 1 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО полиция департаменті Өскемен қаласының тұрғынын қорқытып, жәбірленушіден 1 млн теңге алмақ болған ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен тұрғынынан 1 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды

Фото: ШҚО ПД

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, азамат құқық қорғау органдарына хабарласып, көмек сұраған. Ол өз сөзінде ер адамның өзін ғана емес, отбасын да қорқытып, одан 1 миллион теңге бопсалағанын айтты. 

«Жедел-тергеу амалдарының нәтижесінде шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы қала тұрғынын 200 000 теңге алу кезінде ұстады. Бопсалаушы өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді», делінген ақпаратта.

Бүгінде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті