Қоғам • 16 Мамыр, 2024

Жыл басынан бері Таразда 37 алаяқтық фактісі тіркелді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Шохан Әлжанов облыста жалпы алаяқтық фактілері 15,9 пайызға, дәлірек айтқанда 353-тен 297-ге дейін азайғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері Таразда 37 алаяқтық фактісі тіркелді

Фото: gov.kz

«Жаңатас қаласының 50 жастағы тұрғыны Сарысу аудандық полиция бөліміне жүгініп, алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын жеткізді. Алаяқтар оның сеніміне кіріп, банк қосымшасы арқылы 1 миллион теңгеге жуық тауарлық несие рәсімдеп беремін деп сан соқтырған. Нәтижесінде Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Алаяқ облысқа жеткізіліп, қамауға алынды», дейді Шоқан Әлжанов.

Аға тергеуші Әлжановтың мәліметінше, жыл басынан бері Тараз қаласында  - 37, Шу аудандық полиция бөлімінде – 9, Рысқұлов ауданында – 4, Қордай мен Жуалыда – 3 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Еске сала кетейік, 2023 жылы облыста алаяқтық фактілерінің жалпы саны 22,3%-ға – 452-ден 351-ге дейін азайып, оның басым бөлігі, 229-ы Тараз қаласында анықталған. Ал 2022 жылы 291 алаяқтық фактісі тіркелген. Алаяқтық фактілерін ашу көрсеткіші 4%-ға – 41,3%-дан 45,3%-ға өсті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті