Экономика • 17 Мамыр, 2024

Атауы өзгерген акционерлік қоғам

113 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елдегі ең ірі газбен жабдықтаушы компания – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атауы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ деп өзгерді. Компанияның логотипіне де өзгертулер енгізілді. Кешеден бері дәл осы атаумен тұтынушыларға табиғи газ жеткізумен айналыса бастаған. Компания өкілдерінің айтуынша, ребрендинг, яғни брендтік атауын өзгерткен компаниядағы бұл трансформация бірқатар ішкі бизнес үдерістерге де әсер етеді.

Атауы өзгерген акционерлік қоғам

Ең алдымен, «QAZAQ­GAZ AIMAQ» АҚ газды тасымалдаудан бастап, оны түпкілікті тұтынушы­ға өткізу, сондай-ақ өзі­нің газ тарату желілері мен ондағы газ жабдықтарын дербес пайдалануға дейін­гі өндірістің толық цик­лін өзіне қайтарды. Бұл жылыту маусымдары­на дайындық­ты тиімді жүр­гізуге, түрлі оқиғалардың ал­дын алуға, технология­лық ақауларға жедел назар аударуға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар қосым­ша газ тарату жүйелерін пайдалану жұмыстары­мен тікелей айналысатын 3 309 өндірістік маманды жұмысқа қабылдады. Бұл компанияның мәртебесін өсірумен қатар, аталған акционерлік қоғамға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Компания «QazaqGaz» ҰК» АҚ – еншілес компаниясы және елдің ішкі нары­ғындағы газбен жаб­дықтаушы негізгі ұйым­дардың бірі. Қызметінің негізгі бағыты –  өңірлер­дегі барлық тұтынушылар­ды табиғи газбен үздік­сіз қамту әрі апаттар­ды бол­дырмау. Екіншіден, тұтыну­шылары­на газбен жаб­дықтаудың қолжетімділігін, өзара сенімділігін және қызмет көрсетудің сапасын арттыруға басымдық береді. Бұған қоса қыз­мет көрсету жылдамдығы мен жұмыстарын кәсіби орындауға ұдайы назар аударып келеді. 

Бүгінгі таңда «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өзі­­нің өндірістік филиал­дары арқылы барлық он төрт облысқа және рес­пуб­ликалық маңызы бар үш қалаға тауарлық газ жеткізуде. Олар – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстары, республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалалары.

Компания қызметін 12 мил­лионға жуық тұрғын (2 млн 400 мыңнан астам абонент) пайдаланып отыр, яғни тұтынушылар саны жыл­ма-жыл өсіп жа­тыр. Мысалы, биыл газ тұты­натын тұрғын­дар саны был­тырғымен са­лыс­тырғанда 500 мыңдай адам­ға өскен. Сондай-ақ тұ­тыну­шы­ға газ жеткізетін тар­ату желі­лерінің ұзындығы 69 мың ша­қырымнан ас­қан, бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 5 500 шақырымға артық.

Бүгінде республикада қуатт­ы кадрлық әлеуе­ті бар, за­манауи ин­но­вациялық және ақпарат­тық технология­лармен қам­тылған, жоға­­­ры мате­риал­дық-техника­лық база­сы құрылған осы акцио­нер­лік қоғам газбен жабдық­таудағы қызмет көрсету жөнінде жетекші компания ретінде орын алып тұр. Болашақта да саланы цифр­ландыру арқылы табиғи газды жеткізу мен тасымалдау және жабдықтау қызметін жоғары сапада қамтамасыз етпек. 

Компания қызметін цифрландыру аясында газ­дандыруға қажетті техни­калық шарттар алуға өті­­нім беру Egov.kz элек­трон­­дық үкімет порталына шығарыл­ды. Сондай-ақ «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ объек­тіні газдандыру үшін құрылыс-монтаж жұмыс­тарын жүр­гізетін лицензия­ланған компания­ларды іздеуге арналған  Marketplace порталын да іске қосқан. 

Компанияның міндеті – адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлау, елдің әл-ауқа­тын арттыруды дамы­ту­ға үлес қосу. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 5,6 млрд теңгенің шығынына ұшыраған «QAZAQGAZ AIMAQ» компаниясы 2023 жылды 3,5 млрд теңге таза табыспен аяқтады.