Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді

Фотолар: Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы

Бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді.

Аталған ауылдарда әскери қызметкерлерді және ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. 5 ауыр техника да бар.

Атырау облысы ТЖ штабы

Айта кетсек, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылған.