Аймақтар • 20 Мамыр, 2024

Өр суы Махамбет ауылына қауіп төндіріп жатыр

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы облыстағы су деңгейі туралы жедел ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өр суы Махамбет ауылына қауіп төндіріп жатыр

Фото: Фархат Әбілов

20 мамыр, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысындағы су деңгейі 

  • Жайық - Индербор 1016 см, -5 см, шекті деңгей - 845 см.
  • Жайық - Махамбет 1015 см, + 4 см, шекті деңгей 850 см.
  • Жайық - Атырау 573 см, +3 см, шекті деңгей - 550 см.
  • Жайық - Жаңаталап 416 см, +4 см, шекті деңгей 500 см.
  • Жайық - Еркінқала 374 см, +4 см, шекті деңгей 450 см.

Дәл қазір Жайық өзенінен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндіріп жатыр. Соған байланысты Махамбет-Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тас жол уақытша жабылып, су арнасының бағытын бұру үшін жырылды.

Махамбет ауданы әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады, бірақ судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін болмай тұр.

«Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тасқынмен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды, бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай ауылынан Махамбет ауылына қатынаушылар «Сейтек» шәйханасы жанындағы айналма жолмен өтеді. Осы ретте тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймыз», делінген жедел штаб мәліметінде.