Фото: 2GIS
LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Астана қалалық полиция департаментімен келісе отырып, Сығанақ көшесінде қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгереді:
- 22 мамырдан 20 маусымға дейін Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс ашық болады;
- 24 мамырдан 20 маусымға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік айрығына дейінгі аралығындағы қозғалыс жолақтарын тарылту арқылы ішінара шектеу енгізіледі.
«Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.», делінген хабарламада. Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті