Фото: Nurzhan Rysbekov
«Су тасқынынан зардап шеккен әрбір жанның қайғысына ортақпын. Апат келгелі, алғашқы күннен бастап қарғын судың астында қалған аймақтарға көмек қолын создық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін», деді Тимур Құлыбаев.
Айта кетейік, бұл көмек Құлсары тұрғындарының жеке үйлерін қалпына келтіруге бағытталып отыр. Келтірілген залалға тәуелсіз сарапшылар баға береді. Тізімді әкімдіктердің жедел штабы зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде дайындайды.
Еске сала кетейік, осыған дейін «Халық» қоры мен Halyk Bank өз қаражатынан Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 млрд 445 млн теңге бөлген еді. Сонымен қатар «Халық» қорының негізін қалаушы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге қосымша 30 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, су тасқынынан зардап шеккендерге 31,4 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.