Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

Есірткіге масайып, көлік тізгіндеген шымкенттік ұсталды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының тұрғыны есірткі қолданып, көлік тізгініне отырған. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz.

Есірткіге масайып, көлік тізгіндеген шымкенттік ұсталды

Фото: polisia.kz

Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған.

Масаң күйдегі ер адам тізгіндеген Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады. Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.