Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан дерекке сүйенсек, Талдыкөл ауылын тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Аудан орталығымен қарым-қатынас үзілмеу үшін автокөлік жолдарын тасқыннан қорғау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Ал ауыл айналасы 80 шақырымды құрайтын бөгетпен қоршалды. Бөгетті нығайту үшін 800 мыңнан астам құм толтырылған қап төселген.
«Ауданымызда 60 тан астам шаруа-қожалық су астында қалды. Қазір шаруалар тарапынан тасқыннан зардап шеккені туралы өтініштер келіп жатыр, оны заң аясында тиісті мамандармен бірге қараймыз. Бір қуанарлығы, аудан бойынша ешқандай тұрғын үй суға кеткен жоқ», деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.