Спорт • 31 Мамыр, 2024

Қазақстан садақшысы әлем чемпионы атанды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшысы елордалық Айкөркем Батихан Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен «Fetih Kupası» турнирінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан садақшысы әлем чемпионы атанды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, аталған тарихи жеңіске Айкөркем Батихан 50 метр қашықтықта диаметрі 50 см болатын Пута нысанасы бойынша қол жеткізді.

Биыл әлемнің 20 елінен келген 300-ге жуық спортшы қатысқан аталған халықаралық турнир – Түркияда 12 жыл қатарынан үзбей өтіп келеді. Қазақстан спортшылары оған 2017 жылдан бері қатысқанымен, бұған дейін жеңіске жетпеген екен.

«Финалда Айкөркем Батихан Түркияның ең үздік садақшысымен кездесіп, оны 5:4 есебімен жеңді. Айкөркемнің жеңісі – бүкіл командамыз үшін үлкен жетістік», деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.

19 жастағы Айкөркем Батиханның дәстүрлі садақ атумен шұғылданып жүргеніне 1,5 жыл ғана болған.