Білім • 04 Маусым, 2024

2024-2025 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс күндері белгілі болды

4874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімін анықтау туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

2024-2025 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс күндері белгілі болды

Фото: uralskweek.kz

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес жаңа оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамыр аралығын қамтиды. 

Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул  28 қазан - 3 қарашаға дейін жеті күн болады.

Екінші тоқсан – сегіз оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсанынан 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда - 10 күн. 

Үшінші тоқсан да 10 оқу аптасына жалғасады. Оқушылар көктемгі каникулда 2025 жылғы 21 наурыз бен 31 наурыз аралығында, 11 күн демалады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын бірінші сынып оқушыларына қосымша 7 күн демалыс беріледі. Бұл каникул 2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпан аралығына жоспарланған.

Төртінші тоқсан – сегіз оқу аптасын құрайды.

9-10 сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12 сынып оқушылары үшін емтихан 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Бұйрық жобасы 18 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.