Оқиға • 04 Маусым, 2024

Полицейлердің ұйықтап қалғанын пайдаланып, екі айыпталушы камерадан қашып кетті

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының №2 сотында қызметіне немқұрайлы қараған үш полицейге үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.

Полицейлердің ұйықтап қалғанын пайдаланып, екі айыпталушы камерадан қашып кетті

Фото: freepik

Тәртіп сақшылары 2023 жылы 11 қарашада уақытша ұстау изоляторын күзетуге міндеттелген. Алайда түн ортасында үш полицей де ұйықтап қалған. Мұны байқаған 2 айыпталушы камераның есігін ашып, ізін суытқан.

Полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекетінің арқасында олар 12 қараша күні таңертең  қолға түскен.

Осы істі қараған сот 3 полицейді де 1 жыл бас бостандығынан айырды. Тергеу барысында 2 полиция ғана кінәларын толық мойындаған. 

Сот Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті бастығына алдағы уақытта осындай фактілердің қайталанбауы үшін қажетті шараларды қабылдау туралы жеке ұйғарым шығарды.