Оқиға • 05 Маусым, 2024

Жамбыл облысында 1750 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 02.00-дегі жағдай бойынша «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт көлемі 1750 гектарға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында 1750 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

Фото: istockphoto.com

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өрт сөндіруге жұмылдырылған күштерді үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ТЖ департаментінің басшысы А.Тоқанов, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Н.Егембердиев оқиға орнына шықты.

«Кеше (04.06) сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысының «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген. Барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлерінен 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль, Қазавиаақорғаудың 1 тікұшағы және 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр», делінген ресми хабарламада. 

Сондай-ақ ТЖД жеке құрамының 84 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қосымша, орман шаруашылығынан 31 адам және 6 жеңіл автокөлік және жергілікті атқарушы органдардан 26 адам 10 бірлік техникасы оқиға орнына шықты.