Өнер • 04 Маусым, 2024

Әминнің әлемі

88 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ермексаздан ерекше кейіпкерлер жасап, оларға мон­таждың құдіретімен жан бітіретін өнерді «Stop Motion» дейді. Атауы сіз бен бізге таңсық өнер қажырлы еңбекті қажет етеді. Мәселен, бір секундтық қозғалыс үшін жиырма төрт кадр жасалады. Бірақ «Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» деген. Оған дәлел – 9-сынып оқушысы Әмин Ораз.

Әминнің әлемі

Өзі сценарий авторы, өзі мүсінші һәм оператор Әминнің бұл салаға әуестігі ерекше. Сегіз жасынан бастап ермексазды ермек еткен дара дарынның қазір елуден астам мультипликациялық шығармасы бар. Оның «Тұ­зақ», «Шапалақ шоу», «Кім сат­қын?» секілді туын­дылары кө­рер­­меннің ерекше ықыласын оят­ты. Әминнің айтуын­ша, «Stop Motion» – шыдам мен бай­қампаздықты талап ететін өнер. Мәселен, 15 яки 20 се­кундтық анимацияға шамамен бір аптадай уақыт кетеді. Әр кадр­ды тоқтатып, әр қимылды суретке түсіріп мультфильм құ­растыру – расында оңай шаруа емес.

и

«Мен бұрын «Дисней» шы­ғармаларын көріп отырып, осындай туынды жасайтын студиям болса деп армандайтынмын. Ол арман қазір мақсатқа айналды. Қазақ мультипликациясын дамытып, тәжірибелі аниматор болғым келеді. Ол күннің де ауылы алыс емес шығар. «Stop Motion»-ға әуестігім сурет салудан басталған еді. Жалпы, сурет сала алмаған адамның аниматор болуы екіталай. Кейін дәптеріме бірнеше эскиз сызып, соларды суретке түсіріп, монтаждап, кейіпкерлеріме жан бітірдім. Осылайша, менің алғашқы «Доп», «Эверест», «Теннис», «Агент» секілді тырнақалды туындыларым жарыққа шықты», дейді ол.

Жас та болса еліміздегі жаңа жанрды жалпақ жұртқа жариялап, әрі қызық, әрі қиын өнер­ге бет бұрған Әмин Оразға қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдаровтың жолын берсін дейміз.