Әлем • 06 Маусым, 2024

130 млн халқы бар Мексиканы алғаш рет әйел басқарады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада өткен президент сайлауында тұңғыш рет әйел адам жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

130 млн халқы бар Мексиканы алғаш рет әйел басқарады

Фото: iz.ru

Сайлау 2 маусым күні өтті. Елде тек жаңа президент қана емес, сонымен қатар 128 сенатор, федералды конгресстің төменгі палатасына 500 депутат, тоғыз штат губернаторы, 1 мыңнан астам муниципалды депутат сайланды.

Мексиканың Ұлттық сайлау институты хабарлағандай, Клаудия Шейнбаум 58,3-тен 60%-ға дейін дауыс жинады, бұл көрсеткіш президент қызметін атқаруға жеткілікті болды. Оның басты бәсекелесі, «Мексика үшін күш пен жүрек» оппозициялық партиясынан үміткер сенатор Хочитл Галвес 26,6-дан 28,6%-ға дейін дауыс жинады. «Азаматтық қозғалыс» партиясының кандидаты Хорхе Альварес Мэйнсті сайлаушылардың 9,9-10,8%-ы қолдаған.

Мексикалықтар оны Клаудия деп атайды. Ол 61 жаста, екі баланың анасы, биоинженерия профессоры және тоғыз миллионнан астам халқы бар Мехико қаласының бұрынғы мэрі.

Жаңа басшы елді халықтың 36%-ы кедей, әйелдерді өлтірудің деңгейі жоғары, ұйымдасқан қылмыстық топтардың зорлық-зомбылығы күшейген және АҚШ-пен шекарадағы шиеленісті кезеңде 130 миллион халқы бар Мексиканы басқармақ.

Айта кетейік, Клаудия Шейнбаум осы жылдың 1 қазанында ел президенті қызметіне ресми түрде кіріседі.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті