Оқиға • 07 Маусым, 2024

Алматыда Жүргенов көшесі үш айға жабылады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Жүргенов көшесінің бойындағы аумақта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Жүргенов көшесі үш айға жабылады

Фото: Zakon.kz

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, қаланың Медеу ауданында маусымның 8-і мен қыркүйектің 15-і аралығында Жүргенов көшесінің бойымен Жангелдина көшесінің Жетісу көшесінен Тянь-Шань көшесіне дейінгі аралықтағы қозғалысы жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

1988 жылы пайдалануға берілген 695 метрлік құбырдың қайта құру учаскесінде жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілді.

«Бұл құбыр 18 көппәтерлі тұрғын үйді, 61 жеке үйді, 1 балабақшаны, 1 мектепті және 13 өзге де объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген тұтынушлар реконструкция кезінде ыстық сумен жабдықталады», деп мәлімдеді «Алматы жылу желілері» ЖШС.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті