Фото: ТЖМ
Оқыс оқиға Мақат ауданында болған.
Атырау-Ақтөбе республикалық маңыздағы тасжолдың 31 шақырымында жеңіл автокөлік өртенді.
«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның үш азаматын өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді», деп атап өтті ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.