Қоғам • 08 Маусым, 2024

Азия кубогі: Cадақ атудан Қазақстан құрамасы екі қола медаль иеленді

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Садақ атудан Қазақстан командасы Сувонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия кубогінде екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия кубогі: Cадақ атудан Қазақстан құрамасы екі қола медаль иеленді

Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

«Екі медальға да аралас командалар арасындағы жарыста қол жеткізілді. Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атудан үшінші орын иеленді», делінген Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үшінші нәтиже көрсетті.