Видеодан кадр: EgovPress / Telegram
Egov.Press Telegram арнасында жарияланған видеода тойға келген ер адамдар автомат пен тапаншадан аспанға оқ атқан. Әуелі оқиға көлікте болған, кейін ер адамдар үй ауласының маңында оқ атқан. Мерекенің қалған қонақтары не болып жатқанын тамашалап, оқиғаны видеоға түсіріп алған.
Алматы облысының полиция департаменті оқ атқандарды жауапқа тартуға уәде берді.
«Алматы облысының полицейлері құқық бұзушыларды анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдап, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартады», деп хабарлады полиция.