Аймақтар • 12 Маусым, 2024

Жамбыл облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды жалған нөмірмен тасымалдаған

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушыларды жалған нөмірлі автобуспен тасымалдаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды жалған нөмірмен тасымалдаған

Фото: Polisia.kz

10 маусымнан бастап Жамбыл облысы аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бірінші күні полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 131 жол ережесі бұзушылығын анықтаған.

«Полиция қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 350-шақырымында Алматыдан Түркістан облысына бағыт алған жалған тіркеу нөмірлік белгімен «Yutong» қалааралық автобусты басқарған 49 жастағы жүргізушіні анықтады. Жолаушылар автобусы айып тұраққа қойылып, 36 жолаушы басқа автобуспен жеткізілді», делінген мәліметте. 

Сот шешімімен құқық бұзушы екі тәулікке қамауға алынып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бірінші күні айып тұраққа барлығы 12 қоғамдық көлік қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше