Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және О.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті бірлесіп ұйымдастырған форум біртұтас еуразиялық кеңістікті қалыптастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау және түйткілдерді шешу үшін Қазақстанның жетекші ғалымдары мен шетел заңгерлері, саясаттанушылары, философтар мен экономистердің күш-жігерін біріктіруді көздейді.
Іс-шараның ашылу салтанатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев форум Орталық Азия елдерінде құқықтық қызметтерді көрсету саласындағы интеграция мен өзара іс-қимылды заңнамалық реттеудің өзекті мәселелерін талқылау үшін сарапшылардың, ғалымдар мен практиктердің күш-жігерін біріктіруге бағытталғанын атап өтті.
«Құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекеттің маңызды міндеті – қазіргі көпполярлы әлемде адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, кепілдік беру және қорғау. Осы аса маңызды міндетті шешуге 2022 жылғы Қазақстандағы конституциялық реформа және осы саладағы конституциялық-құқықтық заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталды. Бүгінгі форумдағы пікірсайыс мемлекеттік құрылыстың өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қосады», деп атап өтті ҚазҰУ ректоры.
О.Е.Кутафин атындағы университеттің (МГЮА) ректоры Виктор Блажеев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов сөз сөйледі. Игорь Роговтың айтуынша, экономикалық интеграция жағдайында көрші елдердің заңнамасы мен практикасы ерекше қызығушылық тудырады. Бұл экономикалық дамуды, бизнес инновацияларды және өз елінде бейімделуге, қолдануға болатын басқа да пайдалы аспектілерді анықтауға көмек береді. Түрлі елдердің заңнамасын зерделеу ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін, соның ішінде бірлескен жобалар, тәжірибе мен технологиялар алмасу және экономикалық қатынастарды нығайтуға жол ашады.
Пленарлық отырыстан кейін форум жұмысы тоғыз панельдік секцияда жалғасты.