Аймақтар • 19 Маусым, 2024

Тасқынды халықтың бірлігі жеңді – Талдыкөл тұрғыны

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқын кезінде бөгет бойындағы азаматтарға ас-су дайындаған Талдыкөл тұрғыны қиын күндер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz  Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Тасқынды халықтың бірлігі жеңді – Талдыкөл тұрғыны

Фото: Видеоскрин. Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы

25 мамырда Талдыкөл ауылына толық эвакуация жарияланған уақытта, ТЖМ, әскерилер және жергілікті азаматтардың ас-суын дайындау үшін 10-ға жуық әйел адам өз еріктерімен сұранып, ауылда қалды. Олар балабақша асханасында тамақ дайындады. Қиын кезде ерліктің үлгісін көрсеткендердің қатарында Қанағат Өтепқалиева да бар.

«Тасқын болатыны туралы сәуірде естідік. Интернетте тіпті «бүкіл ауылды су басып кетеді» деген де жазба тарап жатты. Бастапқыда үрей болды. Бірақ қорқынышқа бой алдырмай, ауылымызды сақтап қалуға сәл де болса үлес қосуға тиіспіз деп шештік. Осылайша, ауыл тұрғындары бірлесіп, жаға нығайту жұмыстарына кірістік. ТЖМ мамандары, әскерилер көмекке келді. Кейін әйел азаматтар жаға бекітіп жүрген ерлерді тәулік бойы ыстық тағаммен қамтып, уақытпен санаспай ауылды сақтауға жұмылдық. Даурығып, үрейге бой алдырған болсақ, ауылымызды сақтап қала алмас та едік. Тілсіз жауды халықтың бірлігі жеңді. Араға 30 жыл салып келген мол су – сын сағатта біріге білген халықтың ерлігі ұрпаққа өсиет ететін тарихи сәт болды», дейді Талдыкөл ауылы тұрғыны Қанағат Өтепқалиева.

Еске салайық, Махамбет ауданы, Бейбарыс селолық округіне қарасты Талдыкөл тасқын қаупі төнген ауылдың бірі. Тасқыннан қорғану үшін ауылға 3 шақырымдық қорғаныс бөгеті соғылды.