Оқиға • 20 Маусым, 2024

Алматыда бір тәулікте тәртіп бұзған 26 мопедші ұсталды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда  көліктердің жұмысын бақылау және дыбыс өшіргіштерге орнатылған резонаторлар бойынша түнгі рейд жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда бір тәулікте тәртіп бұзған 26 мопедші ұсталды

Фото:Видеодан алынған кадр

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бір тәулікте мегаполис жолдарында 26 тәртіп бұзу фактісі анықталды.

«Бұл көліктердің қозғалысы көбінесе агрессивті, әдетте, әрқашан азаматтардың тыныштығын бұзатын гүріл, шу және басқа дыбыстар түнгі уақытта белсенді. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе мұндай бұзушылықтарға мопедтер мен мотоцикл жүргізушілері жол береді. Тұрғын үйлері қаланың ірі магистральдарына жақын орналасқан массив тұрғындары ең көп зардап шегеді. Осыған байланысты саптық бөлімшелердің жеке құрамы осындай көлікті анықтауға, ұстауға және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға бағытталған», деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Полицейлердің айтуынша, бұл тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті