Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
«Бұрын-соңды болмаған су тасқыны, тиісінше, зардап шеккен мыңдаған азаматтар үшін, жалпы ел үшін, оның экономикасы мен инфрақұрылымы үшін өте ауыр зардаптар. Тек 120 мыңнан астам азамат үйлерінен көшірілді. Бүгінгі таңда 67 570 адам үйлеріне оралды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша эвакуациялау пункттерінде 3952 адам қалды. Жеке тұрғын үй құрылысын айтатын болсақ, барлығы 12 мың тұрғын үйді және 26 мың саяжайды су басқан. Бүгінгі таңда 98 үй су астында қалып отыр», деді Премьер-министр.
Бектеновтың айтуынша, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
«Мұнда ірі бизнес өкілдері елеулі қолдау көрсетті, бюджеттік ресурстар өте байыпты тартылды. Бүгінгі таңда 33 141 отбасы 100 АЕК көлемінде өтемақы алды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді», деді О.Бектенов.
Сондай-ақ О.Бектенов бүгінгі күнге дейін 17 982 үйге зерттеу жүргізіліп, 15 685 үйге бағалау жүргізілгенін атап өтті. Бағалау бойынша үйлердің жартысына жуығы жөндеу мен қалпына келтіруді қажет ететіні белгілі болды. Қазірдің өзінде 5823 отбасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін өтемақы алды. Бұл мақсаттарға 38,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 8 мыңнан астам үй қауіпті деп танылды.
«Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Әр өңірде 2049 тұрғын үйдің құрылысы белсенді жүргізілуде. Тұрғын үйді қалпына келтіру мен салуға барлығы 251 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде қайырымдылық көмек пен бюджет қаражаты бар», деп түйіндеді Олжас Бектенов.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті