Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Әдетте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің реми сапары аясында жарияланатын мақаланың даярлану үдерісі осы елдің БАҚ-қа жауаптары мамандандырымен бірлесіп талқыланады.
Ван Бинь сондай-ақ Төраға мақаласының редакцияда қаралып, дизайнерлердің оны бетке орналастырып жатқанын және сондай-ақ баспаханада басылу үдерісін таспалап, арнайы ролик әзірлейтіні туралы да ұсынысын айтты.
Серіктестік бас директоры Дихан Қамзабекұлы тікелей аударылмаған мәтіннің кейде түпнұсқа мағынадан ауытқып кететін тұстары кездесетінін ескертті. Сол себепті мақаланы орысша аудармасынан емес, негізгі түпнұсқадан, яғни қытай тіліндегі мәтіннен тікелей аударған дұрыс деген ұсынысын жеткізді. Ол сондай-ақ елімізде қазақ-қытай тілдерінде еркін де сауатты аударма ісімен айналысатын отандық шығыстанушы ғалымдардың бар екенін де айта кетті.
Екі елдің басты медиа компаниялары өкілдерінің кездесуі барлық ұсыныс бойынша ортақ келісімге келе алған өзара түсіністік жағдайында аяқталды.
Кездесуге Қытай Медиакорпорациясы Еуразия бюросының Астанадағы тілшілер қосынының шеф-редакторы Чжан Юйяо, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Владимир Курятов та қатысты.
Естеріңізге сала кетсек, алдағы 3-4 шілде күндері Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының өңірдегі жан-жақты диалогті нығайту мен тұрақты даму, бейбітшілік мәселелеріне арналған саммиті өтпек. Ауқымды іс-шараға әлемнің 16 елінен мемлекет басшылары мен үкімет басшылары келеді деп күтіліп отыр.