Аймақтар • 26 Маусым, 2024

Шымкенттегі жеке үйден аса ірі есірткі зертханасы анықталды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттегі жеке үйден аса ірі есірткі зертханасы анықталды

Коллаж: egemen.kz/Амангелді Қияс

Жеке үйді тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары табылды.

Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді.

«Анықталған фактіге байланысты аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.