Фото: gov.kz
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 403 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 817 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 684, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 387 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 275 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 938 адам, Өзбекстан – 1 919 адам, Үндістан – 1 145 адам, Түркия – 1 101 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.