Оқиға • 26 Маусым, 2024

Туризм саласының қызметкерлері 4 күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қандай салалар көше алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм саласының қызметкерлері 4 күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін

Фото:Pixabay.com

Тамара Дүйсенова Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының нормасы Еңбек кодексінде ресми түрде бекітілгенін еске салды. 

«Бұл мәселені қарадық. Еңбек кодексінде көрсетілген. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім. Мысалы, қыста қонақүй қызметкерлері 4 күн жұмыс істей алады. Бірақ туристер көп келген кезде жұмыс аптасы 6 күнге ұзартылуы мүмкін. Алайда 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек», деді Тамара Дүйсенова.

Премьер-министрдің орынбасары жұмыс аптасының ұзақтығы әрбір азаматтың қызмет саласына байланысты екенін атап өтті.

«Менің ойымша, қызмет көрсету мен туризм, қонақүй бизнесі саласы  4 күндік жұмыс аптасымен жұмыс істей алады», деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы өткен жылдың шілде айында енгізілген еді.