Ауа райы • 26 Маусым, 2024

Ертең нөсер жауып, екпінді жел соғады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері елімізде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең нөсер жауып, екпінді жел соғады

фото: ulysmedia.kz

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде, әсіресе батыс және солтүстік-батыс облыстарда қатты жаңбыр жауады, одан бөлек бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі.

«Ертең, 27 маусымда елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, солтүстік-батыста жаңбырлы ауа райы 27-29 маусым аралығында сақталады. 28-29 маусымда еліміздің батысы мен солтүстігі де циклонның ықпалында болады. Республиканың шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашын күтілмейді», дейді синоптиктер.

Ертең Қазақстанның солтүстік-батысында, 28-29 маусымда елдің оңтүстігінде және 29 маусымда солтүстік пен орталықта ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық жалғасады, ауа температурасы +40...+43 градусқа дейін көтеріледі.