Президент • 27 Маусым, 2024

Депутат пен журналист қызметі өзара тығыз байланысты - Мемлекет басшысы

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық БАҚ саласы қызметкерлерімен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Депутат пен журналист қызметі өзара тығыз байланысты - Мемлекет басшысы

фото: Ақорда

«Жалпы, депутат пен журналист қызметі бір-бірімен тығыз байланысып жатыр. Екеуі де ел мүддесін қорғайды. Халық сенімін арқалап, оған мүлтіксіз қызмет етеді. Қазір депутаттар корпусы мен масс-медиа өкілдері үйлесімді жұмыс істеп жатыр», деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, журналистер қауымы ұлттық парламентаризмді дамытуға қашанда зор үлес қосып келеді.

«Қазіргі депутаттар құрамында ақпарат саласының өкілдері жеткілікті. Атап айтқанда, Нұртөре Жүсіп, Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Сергей Пономарев, Жанарбек Әшімжан, Бибігүл Жексенбай, Айгүл Қапбарова секілді әріптестеріңіз көпшілікке белгілі. Ұлт мүддесін қорғап жүрген журналистердің Парламент төрінде отыруы – заңдылық.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігінде де әріптестеріңіз аз емес. Олар өз кәсіби ортасына қолдау білдіріп, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасында алтын көпір қызметін атқарады», деді ел Президенті.