Фото: БҚО полиция департаменті
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22:00 шамасында А.Черекаев көшесінде болған.
«ВАЗ-21099» және «Хундай» жедел жәрдем көлігінің апатынан алғашқы көліктің тізгіншісі басқа медициналық көлікте көз жұмды.
«Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген БҚО полиция департаментінің хабарламасында.