Спорт • 05 Шілде, 2024

Алты елдің арасында топ жарды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Францияның Труа қаласында халықаралық турнир өтті. Франция, Германия, Италия, Швейцария, Англия елінің құрамаларымен додаға түскен жерлестеріміз олжалы оралды.

Алты елдің арасында топ жарды

Көпсайыста Милад Карими 83.750 ұпай жинаса, еркін жаттығуда 15.000 ұпаймен көш бас­тап, Париж жазғы Олим­пиадасы алдындағы сы­нақ додасының чемпионы атанды. Күміс медаль ағылшын спортшысы Джо Фрейзерге бұйырды, ита­лиялық Марио Ма­чиати қола жүлде ен­шіледі. Халықаралық турнирге Ілияс Әзизов пен Нариман Құрбанов та қатысып, ба­ғын сынады.

Милад Карими мамыр айында Ташкентте өткен Азия чемпионатында көпсайыстан да жүлде олжалаған еді. Филиппиндік Карлос Юлоға жол беріп құрлық біріншілігінің күміс медалін місе тұтқан Миладтың жетістігі алтынға пара-пар. Себебі көпсайыстан бұған дейін спортшыларымыз Азия чемпионатында жүлде олжалаған емес.