18 Маусым, 2010

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ӨРІСТЕП КЕЛЕДІ

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков министрліктің соңғы 5 айдағы  көрсеткіштері туралы журналистерге сұхбат берді. Вице-министрдің айтуынша, соңғы 5 ай қорытындысы мәшине жасау өнеркәсібінде біршама алға жылжу болғандығын көрсетіп отыр екен. Бүгінде министрлік 6 салалық бағдарлама дайын­дау үстінде. Атап айтсақ, тау-кен, мәшине жасау, фар­мацевтика, жеңіл және химия өнеркәсіптері, сон­дай-ақ құрылыс саласы. Бұл бағдарламалар іс жүзінде дайын. Оларды бірнеше рет арнайы шақырылған сала мамандары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің назарына ұсындық. Барлық аймақ­тар­да бағдарламалардың таныс­ты­рылымы өтті. Ал қазір олар мемлекеттік орган­дар­мен келісілу кезеңінде, деп атап өтті Нұрмұхамбет Әбдібеков. Салалық бағдарлама­лар­дың жүзеге асу тетігі мен жүк­теліп отырған міндет үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарла­ма­сында көрсетілген міндет­тер­ден туындап отыр. Жос­парланған кестеге сәйкес, 6 салалық бағдарлама 15 шіл­де­ге дейін Үкімет қаулы­сымен бекітілетін болады. Соңғы 5 ай ішінде Қа­зақ­станның өндіріс көлемі 11,9 пайызға өсті.  Бір ерек­ше­лігі, 5 айдың ішінде әрбір облыс өз көрсеткіштерін жақ­сартып, жоғарылату үс­тін­де екен. Тіпті кейбір же­ке­леген облыстар­дағы өсу көрсеткіші 30 пайыз­ға жетіп отыр. Мұның себебін бірін­шіден, дағдарыс салқы­ны­ның қайтуымен сипаттасақ, екіншіден, жаңа өндіріс орын­дарының іске қосылуы­мен түсіндіруге болады. Жыл басынан бері облыстардан келіп түскен ақпараттар бойынша 13-тен астам өндіріс орны іске қосылып, халыққа қызмет етуде. Мысалы,  Елбасы Көкшетауға арнайы барып, өзі ашқан кен байыту орнын атап көрсетуге болады. Ал мәшине жасау саласы бойынша 171 пайыз өсімге қол жетіп отыр. Индустрия және жаңа технологиялар вице-минис­трі Н.Әбдібековтің айтуын­ша, киім тігу саласында өн­ді­ріс көлемі өткен жылдарға қарағанда біршама төменде­ген, сол себепті оңтүстікте же­ңіл өнеркәсіп саласы бойынша 3 ірі  кәсіпорын ашылмақ. Ал өндіріс көлемі­нің артуы бойынша тізімнің көш басында мәшине жасау өндірісі тұр. Ол 171 пайызды құрап отыр. Венера ТҮГЕЛБАЙ.