Елорда • 05 Шілде, 2024

Астанада мереке күндері қайда баруға болады

141 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

6, 7, 8 шілде күндері Астана күні қарсаңында елордада көптеген қызықты іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары қала нысандарында өтетін түрлі мәдени, спорттық, ойын-сауық іс-шараларын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада мереке күндері қайда баруға болады

Фото:Ашық дереккөз

Мерекеге орай Астанада 100-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізілетіні хабарланды.

6 шілдеде ЭКСПО көрмесінде шамамен 22:15 – 22:30 аралығында дрондар шоуы өтеді.

Қазақстан мәдениетінің апталығы:

  • Есіл өзенінің жағалауында Қазақстан мәдениетінің апталығы ашылды. Мұнда 8 шілдеге дейін түрлі тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.
  • Интерактивті іс-шаралар мен ұлттық ойындардан жарыстар: сіз «Қазақша лайк» ойынына қатысып, қазақтың дәстүрлі ойындарында өз бағыңызды сынай аласыз.
  • Киношоу. «Менің атым Қожа» сынды көркем және анимациялық фильмдердің көрсетілімі.
  • Этноауыл. Киіз үйде ұлттық киімдер мен өнер көрмесі.
  • Концерт. «Жошы» сынды этно-фольклорлық ансамбльдердің өнер көрсетуі.

6 шілде күні өтетін іс-шаралар:

  • 11:00 және 15:00-де елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қала аудандарында «Астана – жүрегім» концерті өтеді. Онда Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет пен Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және басқа да қазақ эстрадасының әртістері өнер көрсетеді.
  • 18:00-де ЭКСПО алаңында ашық аспан астындағы OPEN AIR мерекелік концерті өтеді. Концертте Ninety one, Орда, Райым, Садраддин, Калифарния, Назима, Альфа, Т'ОИ, Имзи, Құрмаш Махан, Джаздәурен және басқа өнерпаздар ән салады.
  • 18:30-да Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында «Алдараспан мен Шаншар» концерті өтеді.
  • 20:00-де Амфитеатрда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана – Арман қала» мерекелік концертін тамашалауға болады. Оған Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сонымен қатар DJ Dake және  Alem заманауи би балеті қатысады.

7 шілде күні өтетін іс-шаралар:

  • ЭКСПО алаңында Домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Елорда қонақтары мен тұрғындары «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, Made in KZ тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын домбыра» балалар шығармашылық орталығы,  Assyl, Qalifarniya, Qanay және Ақтота Большова тобының өнерлерін тамашалай алады.
  • 19:30-да Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында елге танымал әртістер Қайрат Нұртас, Қазыбек Құрайыш және Мирас Жүгінісовтің қатысуымен концерт өтеді.

8 шілде күні сағат 19:00-де «Жастар» сарайында Астана мен Нусантара қала күнін мерекелеуге орай бірлескен мерекелік концерт өткізеді. 

Фестивальдар мен жәрмеңкелер:

  • 6 және 7 шілдеде сағат 12:00-де Халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябақта аяқталады.
  • 6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00-ден бастап Орталық саябақта Меrеке street азаматтарға арналған отбасылық мерекелік фестиваль өтеді.
  • 6-8 шілде аралығында сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін Нұржол бульварында, «Керуен» сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы орналасқан Garage Fest атты үлкен жазғы жәрмеңке болады.

Спорттық іс-шаралар:

  • 7 шілде күні сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде секіруден қалалық турнир өтеді. Аттар мен шабандоздар қиындығы мен биіктігі әртүрлі 7 жолда өз өнерлерін көрсетеді.
  • 8 шілде күні сағат 10:00-де Астана-Талапкер тасжолының бойындағы елордалық ипподромда бәйгеден «Елорда кубогі» республикалық турнирі өтеді. Жарыс бағдарламасына 7 шақырымдық құнан мен жорға, 15 шақырымдық шың, 22 шақырымдық аламан бәйге кіреді.