Команданың екі ойыншысы Сәтбаев қаласы хоккей мектебінің түлектері. Олар – Валерий Орехов пен Никита Михайлис. Кезінде «Қазақмыс» корпорациясының командасында шыңдалған олар кейін еліміздің ұлттық құрамасында әлем чемпионатына қатысқан еді. Шетте жүрсе де туған елдің абыройын асқақтатып жүрген қос ойыншыны ұлытаулықтар жылы қарсы алды. Облыс басшылығында арнайы қабылдау өткізілді.
Валерий мен Никита Жезқазған қаласындағы М.Құлышева атындағы балаларды қолдау орталығында болды, қаланың Орталық стадионында спортсүйер қауыммен жүздесті.
«Қос ойыншының қол жеткен жетістіктері үшін қуаныштымыз. Олардың спорт жолындағы табыстары кейінгі жасөспірімдерге тамаша үлгі болды», дейді «Ұлытау облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ басшысы Саят Балмағанбетов.
Ұлытау облысы