Мейрамбек Бесбаев елдің қызу талқысына түскен Қайрат Нұртастың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында достық туралы сыр шертті.
Өнер иесі 15 тәулікке қамалған інісіне қолдау білдіріп, ағалық ақылын жеткізді.
- Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, құдай жаныңа қуат берсін.
Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті, - деп жазды Бесбаев.