Өнер • 11 Шілде, 2024

15 жасында қазақ ұлт аспаптар оркестріне қабылданған күйші

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ КСР-інің халық әртісі, Ертіс – Баян өңірінің тумасы Рүстембек Омаров небәрі 15 жасында сол кезде жаңадан құрылған Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне қабылданған екен.

15 жасында қазақ ұлт аспаптар оркестріне қабылданған күйші

Фото: adyrna.kz

Рүстембек Омаровтың орындауындағы халық күйі «Ақсақ құлан», Құрманғазының «Ақсақ киік», «Жима», «Машина», «Қызық қайың», «Серпер», Динаның «Байжұма», Кәуеннің «Сәнау», Абылдың «Нарату», т.б. күй­лерінің нұсқалары кең таралып, домбырашылардың репертуарына енген.

Аталған күйшінің орындау мәнерін Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалап, өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде жазса, әйгілі күйші Дина Нұрпейісова оған батасын берген деседі.

Р.Омаровтың Құрманғазы оркестрінде ұстаған көне домбырасын қызы Қарлығаш Омарова әкесінің 100 жылдық мерейтойын­да, 2019 жылы, Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейіне тапсырыпты. Ал жеке ұстаған домбырасы, өкінішке қарай, жоғалып кеткен екен.

Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұрат Қапанұлы «Дәулескер күйшінің домбырасы» атты мақаласында жазған.