Фото:Ашық дереккөз
81 жастағы Байден сәрсенбі күні Лас-Вегаста өткен сайлау алды шараға қатысқан. Жоспар бойынша ол сөз сөйлеу керек еді.
Жан-Пьердің айтуынша, президент Делавэрдегі үйінде карантинде болып, барлық лауазымдық міндеттерін орындамақ.
Байденнің дәрігері Кевин О'Коннор президенттің Paxlovid препаратын қабылдағанын мәлімдеген. Алғашқыда ол өзін жақсы сезінген, бірақ кейін тағы бір тест оның коронавирусты қайта жұқтырғанын көрсеткен.
АҚШ Демократиялық партиясының жетекші саясаткерлері мен жақтастары Джо Байденді президенттік сайлаудан бас тартуға шақырған.
Айта кетейік, Джо Байден қарашадағы сайлаудан кандидатурасын алып тастаудан бас тартқан.