Спорт • 19 Шілде, 2024

Астанада футболдан алғаш рет аналар командасы құрылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде алғаш рет «Арыс 37» атты футболдан аналар командасы құрылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада футболдан алғаш рет аналар командасы құрылды

Фото: bilimastana

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша мамыр айында құрылған командада – шаштараз, жеке кәсіпкер, есепші, мұғалім және бала күтімімен үйде отырған аналар бар.

«Арыс 37» командасы жыл сайын аналар арасында Мәскеуде өтетін чемпионатта ел намысын қорғайды. Оған қолдау көрсететін демеушілер де табылған.

Қауырт жұмыстарына қарамастан аналар аптасына үш рет кешкі уақытта доп теуіп, жаттығу өткізеді екен. Айтуларынша, футболға олар өз қызығушылықтарымен келген.