Қоғам • Бүгін, 11:50

Бүгін Қазақстанда металлургтер кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде металл өндірумен және оны өңдеумен айналысатын адамдар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қазақстанда металлургтер кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр

Құрылыс, машина жасау, мұнай-газ секторы және энергетика – аталған салалардың бәріне металлургтер өндіретін шикізат пен материалдар қажет.

Бұл күрделі мамандық жоғары технологиялық білімді, жауапкершілік пен зейінділікті, талдай білуді, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды үйренуге дайын болуды талап етеді.

Ал металлургтердің өзі — болаттай берік мықты жандар.

Айта кетейік, 2003 жылдан бері шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні ретінде атап өтіліп кетеді.